Қазақстандық балуан қыздар Испанияда он медаль жеңіп алды
23 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Jovenes Promesas халықаралық турнирінде он медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Аға жаттықтырушы Қуаныш Жақсыбай баптайтын еліміздің бойжеткендері аталған додада ел қоржынына 8 алтын, 2 күміс медаль салды.
Атап айтсақ, 50 келідегі Эллада Махяддинова, Аяжан Маркашева (53 кг), Айнұр Әшімова (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Гүлдана Бекеш (59 кг), Тыныс Дубек (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (65 кг) және Анастасия Панасович (72 кг) алтыннан алқа тақты.
Қоржынымызға түскен екі күміс медальді Ирина Кузнецова (62 кг) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) жеңіп алды.
Командалық есепте спортшыларымыз екінші орынға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:35
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатында алтын жүлдеге ие болды
9 қараша, 2024
Нұрбек Оралбай: 80 келіде жұдырықтасуды жалғастыра беремін
9 қараша, 2024
Елордада Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай жастармен кездесу өткізді
8 қараша, 2024
Астаналық спортсүйер қауым үшін 31 желтоқсанда бұқаралық жүгіру ұйымдастырылады