Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Аустриядан басым түсті

Бүгін, 11:28
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Аустриядан басым түсті
Фото: olympic.kz

Қазақстан хоккей құрамасы Венгрияда өтіп жатқан ІА дивизионында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аустрияға қарсы матчтың алдында бапкерлер штабы құрамда тек бір өзгеріс жасады. Қақпада Тәңірхан Алпысбаевтың орнына Данил Лыткин шықты.

Отандастарымыз бірінші кезеңде қатарынан үш шайба соқты: матчтағы есепті Бексұлтан Мақыш ашты, артынша Аристарх Киреев пен Руслан Түсіпбеков гол салды. Үшінші кезеңде қарсылас есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартты. Алайда Санжар Ибрагим бос қақпаға гол соғып, матчтың нүктесін қойды. Есеп – 4:2. Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді. Құрама еншісінде екі жеңіліс бар.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі матчты Украинаға қарсы өткізеді. Кездесу 26 сәуірде Астана уақытымен 22:30-да басталады.