Қазақстан құрамасы Еуропа кубогінде көш бастады
1 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Германияда жастар арасындағы Еуропа кубогіне қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Екі күнге созылған байрақты бәсекеде ел құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде бірінші орынды иеленді.
Аман Бақытжан (60 кг), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг), Максим Мейірлан (81 кг) алтын алса, Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг), Аружан Ережепова (52 кг), Жалғас Хайрулла (81 кг), Құдірет Досымов (90 кг), Карина Такиева (+78 кг) күміс медаль жеңіп алды. Ал Жанарыс Рахметқали (66 кг) мен Нұржан Бисенов (81 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетерлігі, Еуропа кубогіне барлығы 29 елден 300-ге жуық жас татами шеберлері қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
24 қараша, 2024
Жеңіске бірге жүгір: Елордада 100-ге жуық отбасы жүгірісте жүлдеге таласты
24 қараша, 2024
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
24 қараша, 2024
«Астана» мен «Челси» матчының билеттерін қашан сатып алуға болады
24 қараша, 2024
Жандос Қиянов: Париж Паралимпиадасына қатысқан біршама спортшыларға демалыс бердік