Қазақстан бадминтоннан халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz
Иранның Энзели қаласында бадминтоннан ірі халықаралық турнир өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды, оның екеуі – алтын.
Дмитрий Панарин ерлер арасында өткен жекелей сында топ жарды. Сонымен қатар Панарин мен Наргиза Рахметуллаева аралас жұптық сайыста бірінші орынды иеленді.
Одан бөлек, Қазақстан құрамасының қоржынында тағы екі жүлде бар. Хайтмұрат Құлматов/Диана Наменова және Жәңгір Ибраев/Алиса Кулешова аралас жұптық сайыста қола жүлдегер атанды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:26
Азия ойындары: Астаналық велошабандоз құрамамен бірге алтын медаль жеңіп алды
Бүгін, 12:55
«Барыс» бүгін «Амур» командасын қабылдайды
Бүгін, 11:58
Астанада Amanat партиясы бастауыш ұйымдарының спартакиадасы басталды
23 қазан, 2025
Астанада көркем гимнастикадан Grand Prix Alem бәсекесі басталды
