Australian Open: Елена Рыбакина келесі айналымға өтті
16 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
Фото: ашық дереккөз
14-28 қаңтар күндері аралығында жалғасатын Australian Open турнирінің алғашқы кезеңінде Елена Рыбакина әлемнің экс бірінші нөмірі Каролина Плишкованы 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңді.
Әсіресе бірінші сетте 24 жастағы отандасымыз тай-брейкте 3:6 есебімен жеңіліп тұрса да, еш саспай жеңісті жұлып алуы көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Енді отандасымыз екінші айналымда Ресей теннисшісі Анна Блинковамен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, былтыр дәл осы бәсекеде Елена Рыбакина финалға дейін жетіп, Беларусь спортшысы Арина Соболенкоға 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жол берген еді.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 86,5 млн Аустралия долларын құрайды.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады