00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Асу Алмабаевтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

27 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Асу Алмабаевтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды
Фото: UFC

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін Ямайка спортшысына қарсы өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Кеш 5 тамыз күні Теннисси штатына қарасты Нэшвилл қаласында жоспарланған. 

31 жастағы Оде Осборн UFC ұйымында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 7 мәрте айқасқа түсіп, 4-еуінде жеңіске жеткен. 

Ал жерлесіміз MMA-да 19 жекпе-жек өткізіп, 17-сінде қарсыласынан басым түскен. 

Айта кетейік, жерлесіміз әлемге танымал UFC ұйымымен сәуір айының басында келісімшарт жасасқан болатын.