00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадағы әлем чемпионаты: 9-партияда ресейлік шахматшы жеңіске жетті

22 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанадағы әлем чемпионаты: 9-партияда ресейлік шахматшы жеңіске жетті

Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионы атағына таласып жатқан Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасындағы матчтың 9-партиясы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

Ойынның алғашқы символикалық жүрісін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жасады. 

Бұл кездесуде Непомнящий ақ, ал Лижэнь қара фигуралармен ойнады. 

Қытайлық шахматшының қателігін пайдаланған Ресей спортшысы жеңіске жетті. Осылайша Ян Непомнящий жалпы есепте 5:4 есебімен алға шықты. 

Айта кетейік, жарыс 14 партиядан тұрады. Алайда, ойыншылардың біреуі 7,5 ұпай жинаса, мерзімінен бұрын әлем чемпионы атануы мүмкін. Ал шахматшылар тең түссе, жеңімпаз жылдам шахмат бойынша плей-оффта анықталады. 

Жарыстың жүлде қоры 2 миллион еуро, оның 60 пайызын жеңімпаз, ал 40 пайызын қарсыласы алады.