Астанада шорт-тректен ел біріншілігі өтеді

Фото: olympic.kz
Астанада 11-15 қыркүйек аралығында шорт-тректен жеке қашықтық бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Республикалық біріншілік арқылы алдағы халықаралық додаларға, жаңа маусымға қатысатын құрам жасақталады.
«Биылғы чемпионатта еліміздің 10 өңірінен 100-ден астам спортшы бақ сынайды.
Қатысушылар арасында бүгінде ұлттық құрама сапында әлемдік додаларда ел намысын қорғап жүрген шорт-трекшілеріміз де бар. Атап айтсақ, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Алина Ажғалиева, Мәдина Жанбосынова, Ольга Тихонова.
Енді күзден бастап 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін қажетті ұпай жинайтын лицензиялық жарыстар басталады», - деді шорт-тректен мемлекеттік жаттықтырушы Азамат Алиев.
Ұқсас жаңалықтар

9 қазан, 2025
Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия біріншілігінің жартылай финалына өтті

9 қазан, 2025
Республика күні қарсаңында елордада XIV Qazaqstan Barysy турнирі өтеді

9 қазан, 2025
Тректегі велоспорттан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

9 қазан, 2025
ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Трактор» командасымен кездеседі