Астанада олимпиадалық спорт түрлері қалай дамып жатыр?
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елордада олимпиадалық спорт түрлерін дамыту туралы «Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы Олжас Акимов брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Астанада спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту қарқынды жүргізіледі. Спортшылар спорттың 55 түрінен дайындалады, оның ішінде 33 жазғы олимпиадалық спорт түрі болса, 6 қысқы олимпиадалық спорт түрі, 8 паралимпиадалық және 8 сурдлимпиадалық спорт түрі бар.
Бүгінгі таңда қала құрамасында барлығы 1 837 спортшы дайындалуда. Атап айтар болсақ, жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен – 403 спортшы, қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен – 38 спортшы, паралимпиадалық спорт түрлерінен – 44 спортшы, сурдолимпиадалық спорт түрлерінен – 29 спортшы.
Дирекцияның контингенті үш жас категориясынан құралған спорт түрлері бойынша команда жасақталған. Олар жастар, жасөспірімдер және ересектер құрамалары. Команда құрамында 755 жасөспірім санатындағы спортшы, 568 жас спортшы, 514 ересек спортшы шеберлігін шыңдауда, - дейді дирекция басшысы.
Қала құрамасының құрамында «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы бар 10 спортшы, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы бар 100 спортшы, «Спорт шебері» атағын алған 237 спортшы, «Спорт шеберіне үміткер» разрядымен 600 спортшы бар. Сондай-ақ, 375 спортшы бірінші спорттық разрядқа ие.
800-ден астам спортшы ҚР ұлттық құрама командаларының мүшесі. Астана қаласы құрамасының 130 спортшысы 35 спорт түрінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының штаттық командасына кірді.
Дарынды спортшыларды қолдау аясында 2023 жылы 15 жоғары санатты спортшымен спорттық қызмет туралы келісім жасалды. Астана қаласының штаттық командасының құрамына кіретін 111 спортшы спорттық қызметіндегі нәтижелері үшін ай сайынғы ақшалай жабдықталым алады.
Құрама командалардың спортшыларын дайындаудағы басты мақсат – Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бас ресми жарыстарында, кешенді республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болу. Алдағы уақытта 19-шы Азия ойындары мен 23-ші Жазғы Олимпиада ойындары сияқты ірі кешенді шаралар жоспарланып отыр. Елордалық спортшылардың ішінде бокс, велоспорт, ескек есу және каноэ есу, әйелдер боксы, әйелдер күресі, үстел теннисі, жүзу, спорттық гимнастика, триатлон, заманауи бессайыс, спорттық құзға өрмелеу, көркем гимнастика, еркін күрес сияқты спорттың 13 түрінен 22 спортшы Олимпиада лицензиясын жеңіп алуға үміткер, оның ішінде 15 спортшы Олимпиада медалін жеңіп алуға үміткер, - дейді О.Акимов.