00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты жалғасып жатыр

Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты жалғасып жатыр
Фото: Жансая Тәңірқұл

Грэпплингтен 7 қазан күні басталған U15, U17, U20, ересектер мен ардагерлер арасында Grappling және Grappling Gi сайыстары бойынша әлем чемпионатының төртінші күні өтуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазіргі сәтте Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек спорт кешенінде 31 елден 1 800-дей спортшы 218 жүлде жиынтығын сарапқа салуда.

«Грэпплингте бразилиялық джиу-джитсу, дзюдо, грек-рим, еркін күрес, қазақша күрес, самбоның әдіс-тәсілдері қолданылады. Алайда бұл спортта жарақат алу деңгейі өте төмен. Ал жеңімпаз қылғындыру, ауырту сынды әдістермен анықталады. Қазіргі сәтте бұл әлемде трендке айналған спорттың түрі. Қазақстан да бұл трендтен қалыс қалмауда. Кейінгі жылдары тіпті көшбасшы елдердің біріне айналып үлгерді. Спорттың жастарды тәрбиелеудегі рөлі де зор. Грэпплингпен айналысқан жасөспірім жаман әрекетке бармай, өз-өзін жақсы ұстайды», - деді ҚР грэпплинг қауымдастығының президенті, ұлттық құраманың бас бапкері Қанат Алин.

Бұқаралық спортты дамыту – қазіргі сәтте еліміздегі өте өзекті дүние. Осы орайда грэпплингпен 30 мыңға жуық азамат шұғылданады.

Айта кетейік, елімізде үшінші рет ұйымдастырылып жатқан әлем чемпионаты 12 қазан күні мәресіне жетеді.