00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Анна Данилина US Open жарысында жартылай финалға шықты

5 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Анна Данилина US Open жарысында жартылай финалға шықты
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатында аралас жұпта жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге ширек финалда қытайлық Сюй Ифань – бельгиялық Йоран Флигенмен кездесті.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте тай-брейкте олар жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:2). Анна мен Харридің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.