Анастасия Городко Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды
16 қаңтар, 2025


Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Универсиадада екінші мәрте жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Параллель могулда финалға қазақстандық спортшылар Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова шықты. Шешуші сайыста Городко жеңіске жетті. Ол бұған дейін могул сайысында да алтын медаль иеленген еді.
Сонымен қатар ерлер арасындағы параллель могулда Антон Бондарев күміс медаль иеленді. Ол финалда жапондық Шиме Кавокеге жол берді.
Осылайша, отандастарымыз Қазақстан қоржынына төрт медаль түсірді.
Ұқсас жаңалықтар

3 маусым, 2025
Екі қазақстандық төреші күрестен Хорватияда төрелік етеді

3 маусым, 2025
Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңіске жетті

2 маусым, 2025
Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

2 маусым, 2025
Астанада үш күндік халықаралық ат спорты жарыстары өз мәресіне жетті