00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Теннистен Қазақстан қысқы чемпионатының финалистері анықталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Теннистен Қазақстан қысқы чемпионатының финалистері анықталды

Астанада «Дәулет» теннис орталығында ересектер арасында Қазақстан қысқы чемпионатының финалистері анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Жартылай финалдық матчтар мәресіне жетті.

Бірінші болып кортқа қарағандылық Арысланбек Айтқұлов пен алматылық Никита Сидоров шықты. Қарағанды теннис мектебінің түлегі қарқынын бәсеңдетпестен 6:2, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп ол өз спорттық жолында алғаш рет ересектер арасында ел біріншілігінің финалында ойнайды. Оның қарсыласы – Тимур Мәуленов. Мәуленов тәжірибелі Тимур Хабибуллинді жолдан тайдырды – 2:6, 7:6 (7:1), 7:6 (7:3).

Әйелдер арасында елордалықтар, 14 жасар Ариана Гогулина мен одан бір жас үлкен Альбина Кәкенова алтын жүлдені сарапқа салады. Ариана жартылай финалда Әдемі Аманкелдіден айласын асырды – 6:4, 4:6, 6:0. Ал Альбина Айя Мырзақұлованы ұтты – 7:6 (7:3), 6:4.

Осылайша, бүгін Қазақстан қысқы біріншілігінде жаңа чемпиондардың есімі белгілі болады.