00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында «Металлургке» есе жіберді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында «Металлургке» есе жіберді

Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» сырт алаңда магнитогорскілік «Металлургпен» ойнады, деп хабарлады Elorda.info.

Матч басталмай тұрып қазақстандық клуб Шығыс конференциясында тоғызыншы орында болса, ресейлік клуб үшінші орында тұрды.

Бірінші кезеңде елордалықтар есеп ашса, екінші кезеңде алаң иелері есесін қайтарды. Үшінші кезеңде шайба соғылған жоқ. Ал овертаймда ресейлік клуб басым түсті – 2:1.

Айта кетейік, 25 қаңтарда «Барыс» өз алаңында «Череповец Северсталь» командасын қабылдайды.

«Металлург» (Магнитогорск, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) 2:1 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 1:0)