00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес Лэйк-Плэсид (АҚШ) қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды.
Вадим нысана көздеуден бір рет (0+1+0+0) мүлт кетіп, 42:37,4 минут нәтиже көрсетті.

Норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенг қазақстандықтан 42,6 секундқа  артта қалып, екінші орынға ие болды. Ал франциялық Аксель Гарнье (+1:16.5) үштікті түйіндеді.

Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде – алтын медаль түсті.