00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ҚХЛ: «Барыс» бүгін ЦСКА-мен кездеседі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ҚХЛ: «Барыс» бүгін ЦСКА-мен кездеседі

Бүгін «Барыс» хоккей клубы өз алаңында Гагарин кубогының қазіргі жеңімпазы мәскеулік ЦСКА-ны қабылдайды, деп хабарлады Elorda.info.

Астаналық командаға плей-офф кезеңіне шығу үшін әр ұпай маңызды, сондықтан олар қарсыластың атағына қарамай, жеңіске жетуге тырысады. 

Дегенмен ЦСКА-ға да жеңіс қажет. Олар Батыс конференциясында екінші орынға таласып жатыр. Бәсекелестік күшті, сол үшін бүгін олар да аянып қалмайды. 

«Барыс» – ЦСКА матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:20-да басталады. Оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.