00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елена Рыбакина Аделаида турнирінің жартылай финалына өтті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елена Рыбакина Аделаида турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге ширек финалда америкалық Николь Меличар – аустралиялық Саманта Стосурмен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік дуэт 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта олар 8 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.

Е.Рыбакина – А.Павлюченкова ірі жарыстың финалына шығу үшін украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен таласады.