Әйелдер теннисі: қазақстандық спортшылар рейтингте нешінші орында
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядтағы спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жеке сындағы үздік үштік бұрынғыша қалды: бірінші орында польшалық Ига Свёнтек, одан кейін тунистік Онс Жабер және америкалық Джессика Пегула.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина – 22-ші позицияда қалды. Юлия Путинцева 51-ші орынға тұрақтады.
Жұптық разрядтағы ТОП-3 те өзгерген жоқ: Катерина Синякова (Чехия), Вероника Кудерметова (Ресей) және Барбора Крейчикова (Чехия).
Қазақстандық «жұптардың» арасында ең мықтысы Анна Данилина 11-ші орынды сақтап қалды, Жібек Құламбаева бір позициясын жоғалтып, 201-ші орынға тұрақтады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:18
Жеңіске бірге жүгір: Елордада 100-ге жуық отбасы жүгірісте жүлдеге таласты
Бүгін, 13:15
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Бүгін, 12:04
«Астана» мен «Челси» матчының билеттерін қашан сатып алуға болады
Бүгін, 09:03
Жандос Қиянов: Париж Паралимпиадасына қатысқан біршама спортшыларға демалыс бердік