00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Новак Джокович ATP қорытынды турнирінде алтыншы рет жеңіске жетті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Новак Джокович ATP қорытынды турнирінде алтыншы рет жеңіске жетті

Әлемнің 8-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович алтыншы рет ATP қорытынды турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Италияның Турин қаласындағы «Пала Альпитур» стадионының орталық кортында өткен финалдық матчта Н.Джокович әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудты 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Осылайша қорытынды турнирде алтыншы рет үздік шыққан Новак титул жөнінен рекордшы, швейцариялық Роджер Федерермен теңесті. Сонымен қатар 35 жастағы Н.Джокович чемпион атанған ең жасы үлкен теннисші атанды. Бұл жөнінен де Федерердің рекордын жаңартты.

Туриндегі жеңісі үшін сербиялық теннисші 1500 рейтингілік ұпайға қол жеткізіп, 4 млн астам АҚШ доллары көлемінде табыс табады. Осы титулы арқасында әлемдік рейтингте бесінші сатыға көтеріледі.

Новак Джокович биыл Astana Open ATP 500 жарысында үздік шыққан еді.