00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шахматтан 2022 жылғы әлем чемпионаты Алматыда өтеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шахматтан 2022 жылғы әлем чемпионаты Алматыда өтеді

Алматыда шахматтың жылдам және близ түрлерінен 2022 жылғы Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ФИДЕ рапид және блицтен 2022 жылғы әлем чемпионаттарының өтетін күні мен орнын растауға қуанышты. Беделді шара Іле Алатауы бөктерінде орналасқан Қазақстанның ірі мегаполисі – Алматыда өтеді, - делінген ФИДЕ мәліметінде.

Чемпионат 25 желтоқсаннан (спортшылардың келуі және турнирдің ашылу салтанаты) 30 желтоқсанға дейін (соңғы ойын күні және жабылу салтанаты) өтеді.

Көптеген ел (100-ден астам) Қазақстанға визасыз режимді, сондай-ақ Визалық-миграция порталы арқылы берілетін бірреттік электронды визаны алудың жеңілдетілген тәртібін пайдалана алады, - делінген федерация ақпаратында.