00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық теннисші Түркиядағы жарыстың ширек финалына өтті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық теннисші Түркиядағы жарыстың ширек финалына өтті

Қазақстандық Аружан Сағындықова Анталия қаласында (Түркия) жүріп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, 17 жастағы А.Сағындықова жекелей сында алғаш рет ересектер арасындағы жарыстың ширек финалына шығып отыр.

Аружан екінші айналымда швециялық Юлия Локвистті ұтты – 6:3, 6:1.

А.Сағындықова жартылай финалға шығу үшін ертең сербиялық Наталия Сенич немесе жапониялық Кохару Ниимидің біреуімен таласады.