Елордада әуесқойлар арасында теннистен ашық турнир өтіп жатыр
Астанада Республика күніне орай «Дәулет» теннис орталығында әуесқойлар арасында ашық турнир өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Турнирдің мақсаты – теннисті кеңінен насихаттау, қатысушылардың спорттық шеберлігі мен бәсекелестік тәжірибесін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау, – дейді «Дәулет» теннис орталығының басшысы Дина Темиргалиева.
Турнирге әуесқойлармен қоса, еліміздің әр өңірінен келген теннисшілер де қатысып жатыр.
Мұндай іс-шаралар теннисті, салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортпен айналысу деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Еліміздің барлық айтулы оқиғалары мен мерекелерінде турнирлерді қолдап, ұйымдастырған «Астаналық» теннис клубы мен Теннис федерациясына алғыс айтамыз, - деп сөзін түйіндеді Д.Темиргалиева.