Қазақстан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында 14 медальға ие болды
Александрия қаласында (Мысыр) көру қабілеті төмен спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен IBSA әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Чемпионаттың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 14 медальға қол жеткізді: 4 «алтын», 6 «күміс» және 4 «қола».
Мадияр Жанысбаев (60 кг дейін) ардагерлер арасында үшсайыстан 1-орын және жатып сығымдап көтеруден 1-орын алса, ересектер арасында үшсайыстан 2-орын және жатып сығымдап көтеруден 2-орынға ие болды. Михаил Ткач (56 кг дейін) ересектер арасында үшсайыстан 2-орын және жатып сығымдап көтеруден 2-орын еншілесе, Андрей Москалев (82,5 кг дейін) ардагерлер арасында үшсайыстан 1-орын және жатып сығымдап көтеруден 1-орын және ересектер арасында үшсайыстан 3-орын және жатып сығымдап көтеруден 3-орынды иеленді.
Асимжан Хапузов (82,5 кг дейін) ардагерлер арасында үшсайыстан 2-орын және жатып сығымдап көтеруден 2-орынға қол жеткізсе, Данияр Әбілханов (110 кг дейін) ересектер арасында үшсайыстан 3-орын және жатып сығымдап көтеруден 3-орын бұйырды.
Қанатбек Санжар (75 кг дейін) ересектер арасында үшсайыстан 2-орын және жатып сығымдап көтеруден 3-орынға тұрақтаса, Игорь Коновалов (100 кг дейін) ересектер арасында жатып сығымдап көтеруден 2-орын, ардагерлер арасында үшсайыстан 2-орын және жатып сығымдап көтеруден 2-орынға ие болды.
Қазақстандық спортшылар үшін пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты сәтті өтті. Жарысқа елімізден 8 спортшы қатысып, жетеуі жүлделі орынға ие болды, - деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Ұлан Ануар.