00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Барыс» бүгін сырт айдында «Спартакпен» кездеседі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Барыс» бүгін сырт айдында «Спартакпен» кездеседі

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Спартак» командасымен өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Мәскеуліктер Батыс конференциясы көшбасшыларының бірі. Өткен турда "Спартак" жергілікті дербиде ЦСКА-ға овертаимда – 2:3 есебімен ұтылды. 

Мәскеуліктерде 11 матчтан кейін 15 ұпай. Команданың ең нәтижелі ойыншысы шабуылшы Александр Хохлачев (7 ұпай, 3+4). 

Ал астаналықтар 11 кездесуде 11 ұпай жинады. Линден Вей (5+3) және Джереми Бракко (2+6) – "Барыстың" ең нәтижелі ойыншылары.

Матч елорда уақытымен 22:30-да басталады.