Футболдан Ұлттар лигасында Португалия Чехияны жеңді
Футболдан UEFA Ұлттар лигасы бесінші туры мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Бұл күнгі негізгі кездесу А дивизионы екінші тобындағы Чехия мен Португалия арасында болды. Сырт алаңда ойнағанына қарамастан, португалдар жинақы қимылдай білді. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына жауапсыз төрт гол соғып кетті. Осылайша олар чехтарды 4:0 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ, аталған топтағы тағы бір кездесуде өз алаңында Испания Швейцарияға 1:2 есебімен жол берді.
Топтың жеңімпазы алтыншы турдағы Португалия мен Испания арасындағы ойында шешіледі. Жеңімпазы аталған топта бірінші орын алады.
Аталған турдағы ойын нәтижелері төмендегіше:
А дивизионы. Екінші топ: Чехия - Португалия 0:4 Испания - Швейцария 1:2
В дивизионы. Бірінші топ. Армения - Украина 0:5 Шотландия - Ирландия 2:1
В дивизионы. Екінші топ. Израиль - Албания 2:1
В дивизионы. Төртінші топ. Словения - Норвегия 2:1 Сербия - Швеция 4:1
С дивизионы. Екінші топ. Солтүстік Ирландия - Косово 2:1 Кипр - Грекия 1:0
Енді алтыншы тур ойындары 25-27 қыркүйек аралығында өткізіледі.