00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Хоккей: Бүгін «Барыс» «Северсталь» командасымен кездеседі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Хоккей: Бүгін «Барыс» «Северсталь» командасымен кездеседі

Бүгін Ресейде елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын «Северсталь» (Череповец) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу елорда уақытымен 20:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

ҚазАқпарат-тың жазуынша, екі команда бұған дейін 27 рет кездескен. Оның 15-інде «Барыс» басымдық танытса, қалғанында ресейлік клуб жеңіске жеткен.

Оқи отырыңыз: «Барыс» хоккей лигасында «Автомобилистен» басым түсті

Турнир кестесінде тоғыз ойыннан 9 ұпай жинаған «Барыс» 14-орында келе жатыр. Ал тоғыз ойыннан 9 ұпайға қол жеткізген «Автомобилист» 15-орында.

Соңғы он кездесудің жетеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Былтыр 24 қазанда елордада өткен кездесуде «Барыс» 2:3 есебімен жеңілген. Ал сол жылдың 20 қарашасында сырт айдында овертаймда 4:3 есебімен жеңіске жетті.