00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада Халықаралық шахмат федерациясының әйелдер турнирі басталды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада Халықаралық шахмат федерациясының әйелдер турнирі басталды

Астанада ФИДЕ әйелдер арасындағы гран-при жарысының бірінші кезеңі ашылды, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Турнирге әлемнің ең үздік 12 шахматшысы қатысады. Еліміз намысын Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік қорғайды. 

Жарыстың ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ойыншыларға сәттілік тіледі.

Сіздерді елордамызда ұйымдастырылып отырған шахматтан ФИДЕ Гран-при әйелдер сериясы бірінші кезеңінің салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұндай жоғары деңгейдегі халықаралық турнирдің елімізде өтуін ерекше оқиға деуге болады. Сондай-ақ бұл жарыс шахмат спортын республикамызда және халықаралық аренада дамытуға, кеңінен танытуға жол ашады, - деді министр. 

Матчтар күн сайын елорда уақытымен 15:00-де басталады. Турнир 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Жүлде қоры 80 000 еуроны құрайды. Бірінші орын алған шахматшы 15 мың еуро алады.