00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Теннисші Бейбіт Жукаев ширек финалға шықты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Теннисші Бейбіт Жукаев ширек финалға шықты

Отандасымыз Бейбіт Жукаев Ыстанбұл челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Дүниежүзілік рейтингте 357-орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 234, осы жарыстың 8-ракеткасы, испаниялық Николас Альварес Варонамен шеберлік байқасты.

Б.Жукаев 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Ақтау теннис мектебінің түлегі 4 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.

Ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 108, доданың 2-ракеткасы молдовалық Раду Алботпен таласқа түседі.

 

Гүлжан Уалиева