00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А. Данилина америкалық Софи Чангпен бірге финалға қиналмай жетті.

Соңғы бәсекеде қазақстандық-америкалық жұп оңтүстіккореялықтар Хан-На Ли – Джан-Су Йонгпен бас жүлдені сарапқа салды.

Данилина мен Чанг қарсыластарын 2:6, 7:6 (7:4), 11:9 есебімен ұтты.

Осылайша, А. Данилина Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өткізген турнирлерде 26-титулына қол жеткізді. Сонымен қатар, WTA жарыстарында үш рет (2021 жылы – Poland WTA-250 және 2022 жылы – Sydney WTA-500, Warsaw WTA-250) жеңімпаз атанған болатын.