00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі көрсеткішін жақсарды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі көрсеткішін жақсарды

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик екі саты төмен түсіп, 41-ші орында тұр. Денис Евсеев «Президент Кубогының» финалына шыққаннан кейін 72-ші орынға көтерілді. 269-шы орынға жайғасып, ATP рейтингінде жеке рекорд орнатты. Бейбіт Жұқаев 394-ші орынға табан тіреп, жеке рекордын жаңартты. Дмитрий Попко (179-орын), Михаил Кукушкин (207-орын) және Тимофей Скатов (216-орын) та жоғары көтерілді.

Жұптық рейтингте Андрей Голубев 43-ші, ал Александр Недовесов 61-ші орында.

Қазақстан әйелдер құрамасының бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 23-ші орында қалды. Юлия Путинцева екі сатыға төмен түсіп, 41-ші орынға тұрақтады. Зарина Дияс - 245-ші, Жібек Құламбаева 21 тармаққа көтеріліп, 488-ші, ал Гозаль Айнитдинова 561-ші орынға тұрақтады.

Жұптық рейтингте Анна Данилина әлемдік рейтингте 23-ші орында.