00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда спорт төрешілерінің жалақысы өседі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда спорт төрешілерінің жалақысы өседі

2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылға дейін спорт төрешілерінің жұмысына ақы төлеу кезең-кезеңімен 100%-ға артады. Спорт саласында төрешілерге ақы жарыстың әр күні үшін төленеді.

Биыл ақы көлемі 2 600 теңгеден 8 000 теңгеге дейін, ал 2023 жылы – 13 мың теңгеге дейін, 2024 жылы – 17 мың теңгеге дейін көбейетін болады.

Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарын дайындаған жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету мөлшері 24 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.