00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент Рыбакинаны Уимблдон турнирінің финалына шығуымен құттықтады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент Рыбакинаны Уимблдон турнирінің финалына шығуымен құттықтады

Елена Рыбакинаны теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол финалға шықты! - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісінде.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесіп, 6:3, 6:3 есебімен жеңіп, “Grand Slam” жарысының финалына шыққан тұңғыш қазақстандық теннисші атанды.

Елена финалда тунистік Онс Жабермен кездеседі.