00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты

Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы атанған қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 44-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен кездесті.

Бірінші партияда отандасымыздан озып кеткен аустралиялық теннисші сол басымдылығын сақтай алды – 6:4.

Екінші сетте Елена Рыбакина есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда да қазақстандық спортшы қарсыласына дес бермеді – 6:3.

Екі сағатқа жуық созылған матчта Е.Рыбакина 15 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды.

Осылайша, Е.Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасынан алғаш рет Уимблдон турнирінің жартылай финалына өтті. Ол финалға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының екі мәрте жеңімпазы, румыниялық Симона Халеппен таласады.