Елордада жамбы ату және теңге ілуден Қазақстан чемпионаты өтеді
Чемпионат екі апта бойы Жамбы ату және теңге ілуден ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында өткізіледі.
Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен жалпы саны 150-ден аса спортшы қатысады.
Жамбы атудан ел чемпионаты корей, түрік және қазақ стильдері бойынша өтеді.
Теңге ілу чемпионатының биылғы ерекшелігі – ережеге енген өзгеріске байланысты іріктеу сындарына 5, финалдық кезеңде 7 теңгеден қойылады.
Жарыс жеңімпаздарына бас серіктес – Sport Qory қаржылай жүлде тағайындаған. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1,5 млн теңге.
Жарыстың ашылу салтанаты Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай, 4 маусым күні 10:00-де басталады.
Сондай-ақ, ашылу салтанаты аясында төрт қашықтықта (тай, құнан, кіші аламан, аламан) бәйге жарысы болады.
Жарыс кестесіне сәйкес, жамбы ату және теңге ілуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты 3-6 маусымда, жастар чемпионаты 9-13 маусымда, жасөспірімдер чемпионаты 15-18 маусымда өтеді.