00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына өтті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына өтті

Азия чемпионы А.Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда болгариялық Севда Асановамен жұдырықтасты.

Алуа бірінші раундта қарсыласын ауыр соққылардың астына алып, нокаутқа жіберді. Алуа Балқыбекова финалда түркиялық Айсе Чагирырмен алтын жүлдені сарапқа салады. Тағы бір қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова қола жүлдені қанағат тұтты.

Ол 52 келіге дейінгі салмақта таиландық Джутамас Джитпонгпен рингке шықты.

Бұл жекпе-жекте жеңіс төрешілердің шешімімен таиландтық боксшыға берілді – 1:4.

Бүгін тағы үш қазақстандық спортшы жартылай финалда көрсетеді.