00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Головкин әлемдік рейтингіде көш бастады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Головкин әлемдік рейтингіде көш бастады

Boxrec.com сайты жаңартылған рейтингіні жария етті. Онда қазақстандық Геннадий Головкин бірінші орында тұр.

Кеше Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) BoxRec рейтингісінде салмақ дәрежесіне қарамастан, барлық боксшылар арасында 698.6 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) 678.4 ұпаймен екінші сатыда. Америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) 524.0 ұпаймен әлем боксшылары арасында үздік үштікті түйіндеді.