00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дэвис кубогы: Қазақстан – Норвегия матчында кімдердің ойнайтыны анықталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дэвис кубогы: Қазақстан – Норвегия матчында кімдердің ойнайтыны анықталды

Аталмыш матчта еліміздің намысын Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов және Дмитрий Попко қорғайды. Норвегия тарапынан Каспер Рууд, Виктор Дурасович, Лукас Хеллум Лилленген, Герман Хойерал және Симен Сунде Братхольм матчқа дайын.

Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин қарсыласты бағалау керектігін жеткізді.

Норвегия теннисшілері рейтингте төмен тұрғанына қарамастан, құрамы осал емес. Екі күнге жоғары деңгейдегі бес ойын белгіленген. Сондықтан біз бәріне әзір болуымыз керек, – деді Ю.Щукин.

Қазақстан - Норвегия ойыны бүгін 23:00-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.