00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде шорт-тректі дамыту үшін арнайы бағдарлама жасалады – Қанағатов

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде шорт-тректі дамыту үшін арнайы бағдарлама жасалады – Қанағатов

Егемендік алғалы қысқы Олимпиадаларға қатысқанда 8 ғана медаль алыппыз, оның төртеуін бір спортшы алған. Соңғы 2 олимпиадада жүлделі болдық, оның алдындағы екі Олимпиадада жүлдесіз оралдық. Осы жолы алға басатындай жағдай болды. Фристайл могулдан, шорт-тректен де үмітіміз бар еді, бірақ медаль ала алмадық. Дегенмен, кейбір спорт түрлерінен спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Сараптама қорытындысы бойынша шорт-тректен бұрын Олимпиадада 5-6-орын алсақ, бұл жолы 4-5-орынға, бір сатыға көтерілдік. Бұл спорт түрін дамыту үшін арнайы бағдарлама жасалады. Коньки спорты түрінен де ілгерілеу бар. Алайда, бұрынғы жақсы дәстүріміз, жетістіктеріміз бар болған, бірақ соңғы жылдары қатты төмендеп кеткен шаңғы спорт түрі Олимпиадада ең нашар нәтиже көрсетті, - деді Е.Қанағатов.  

ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Мәдениет және спорт министрлігі Олимпиадаға қатысу бойынша жиналыс өткізіп, нақты шешімдер қабылданатынын атап өтті.