00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бақтияр Артаев Бокс федерациясындағы қызметінен кетті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бақтияр Артаев Бокс федерациясындағы қызметінен кетті

Бұл мәліметті спортшының өзі ҚазАқпарат тілшісіне растады.

Қызметтен кетіп жатқанымды растаймын. Бірақ себебі туралы әзірге ештеңе айта алмаймын, - деп қысқа қайырды спорт менеджері.

Оқи отырыңыз: ”СубханАллаһ, сондай жұртпыз”: Артаев “Дикий Арманды” қамаудан босатуды сұрап отыр

Бақтияр Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында туған. Бокспен 10 жасынан бастап айналысты. 2004 жылы Грекияда өткен Олимпиада ойындарының ширек финалында екі дүркін Олимпиада чемпионы ресейлік Олег Саитовты жеңді.

Ал финалда Артаев Кубаның екі дүркін әлем чемпионы Лоренцо Арагоннан басым болып, «алтыннан» алқа тақты. «Барыс» орденімен марапатталған. Соңғы бір жарым жыл Қазақстан бокс құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы қызметін атқарып келді.