00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға аттанды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға аттанды

Барлық спортшылар мен бапкерлер ұшар алдындағы соңғы аптаны карантинде өткізді. Олар үшінші тараппен байланыспай, көпшіліктен бөлек тұрып, бөлек жаттығу жасады. 

Қытайға делегацияны арнайы «Air Astana» әуе рейсі барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жеткізді. Бұл рейспен конькимен жүгіру, фристайл-могул, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан ұлттық құрамалар ұшып кеткен. 

Ал қорытынды жиынды шетелде өткізіп жатқан биатлон, шаңғы жарысы және шаңғы акробатикасынан ұлттық құрамалар Қытайға өз бағыты бойынша барады.

Бүгін біз Олимпиада ойындарына ұшып барамыз. Бұл бәріміз үшін толқитын сәт. Біз жақсылықтан үміттіміз және мұндай жауапты жарыста бар күшімізді саламыз. Осындай қиын кезеңде барлық жағдайды жасап, қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысы мен үкіметке, Ұлттық олимпиадалық комитетке алғыс айтамын. Біз қандай кезең болса да, жаттығуды үзген емеспіз, - деді Қазақстан командасының ту ұстаушысы, шорт-тректен құрама көшбасшысы Абзал Әжіғалиев. 

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 4 ақпан күні Бейжіңдегі Ұлттық стадионда өтеді.