00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Australian Open: Анна Данилина жұптық сында жартылай финалға шықты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Australian Open: Анна Данилина жұптық сында жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда швециялық Ребекка Петерсон – ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда швециялық-ресейлік жұп басымдылық танытты – 6:4.

Екіншісінде Анна мен Беатрис есе қайырды – 7:5. Сосын үшінші, шешуші сетті жеңіспен тәмамдады – 6:3. Тартысты өткен бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.

Анна мен Беатрис финалға шығу үшін жапониялықтар Сюко Аояма – Ена Шибахарамен таласады.