Елордада қандай спорт нысандары бар
2021 жылдың қорытындысы бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын 406 552 адам қамтылды, бұл тұрғындардың жалпы санының 33,08%-ын құрайды (2020 ж. – 340 459 адам немесе 29,7%), 3,38%-ға өсті.
Дене шынықтыру және спорт басқармасы 2021 жыл бойынша қаланың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен және федерацияларымен бірлесіп, 136 спорттық іс-шара өткізді. Оның 26-сы негізгі оқиғалар. «COVID-19» вирусына қатысты қалыптасқан жағдайға орай 419 спорттық жарыс өткізілмеді.
Жаңа бокс орталығында 500-ден астам адам спортпен айналыса алады
Елордада биыл алғаш рет бокс орталығы, көркем гимнастика орталығы, жекпе-жек орталығы, жекпе-жек залы ашылды. Бұл орталықтарда Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық құрама және спорт мектептерінің барлық спортшылары үшін жаттығулар тегін жүріп жатыр.
Жаңа бокс орталығында 500-ден астам, Жекпе-жек орталығында 1000-нан астам адам бір уақытта спортпен айналыса алады.
Нұр-Сұлтан қаласында 1016 спорт нысаны бар, оның ішінде: дене шынықтыру және спорт нысандары – 804, оқу орындары – 215, спорт мектептері – 9 (оның ішінде жеке – 352). (2020 жылы – 976 нысан). Мұнда күніне 7000 мыңнан астам адам айналысатын 32-ге жуық ірі спорт нысаны бар.
Елордада қандай спорт нысандары бар:
1500 және одан да көп орындық трибуналары бар стадиондар – 4;
спорт сарайы – 5;
спорт кешендері – 2;
құрама командаларды дайындау орталықтары – 2;
спорт кешендері – 18;
спорт алаңдары – 7;
шаңғы базасы – 1;
ескек есу базасы – 1;
есу каналы – 1;
атыс тирлері – 21;
тир – 1; велотрек – 1;
коньки тебу стадионы – 1;
хоккей корттары – 26;
тегіс құрылымдар – 531;
теннис корты – 44;
ипподром 200 және одан да көп орындық – 3;
бассейндер – 27;
спорт залдары – 272;
кіріктірілген залдар – 48.
Өткен жылмен салыстырғанда биыл спорт нысандарының саны 40 бірлікке өсті: 2 спорт кешені, 38 спорт залы.
Нұр-Сұлтан қаласында және бүкіл халықтың жаппай дене шынықтырумен айналысуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында елорданың төрт шетінде, атап айтқанда, «Көктал-2», «Өндіріс», «Үркер» және «Теміржолшылар» елді мекендеріеде төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Оның екеуі, атап айтқанда «Көктал-2» мен «Өндіріс» елді мекендерінде құрылыс аяқталып, қазір оқу-жаттығу жиындары жүріп жатыр. «Үркер» мен «Теміржолшылар» спорт кешенінің құрылысын аяқтау 2022 жылдың соңына жоспарланған.
Спортшыларды ынталандыру жұмысы
2021 жылдың қазан айынан бастап, елорда спортшыларының ақшалай қамтылым мөлшері өсті.
Осы жылдың оқу жылынан бастап «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына 50 қала әкімінің гранты бөлінді.
Осыған орай, Дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан қалалық мәслихат пен қоғамдық кеңеске ұсыныс жасалып, аталған мәселені қала әкімі Алтай Көлгінов қарастыра келе, ай сайынғы төлемдерді ұлғайтуға қолдау білдірді. Сонымен қатар бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасына кіретін тек 84 спортшы ай сайынғы төлем алып келсе, енді олардың саны 176-ға жетті.