00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада бұқаралық «Жаңажылдық жүгіру – 2022» жарысы өтті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бұқаралық «Жаңажылдық жүгіру – 2022» жарысы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған іс-шараға ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Серік Жарасбаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысып, 2 022 метр қашықтықты жарыс қатысушыларымен бірге бағындырды.

Ералы Лұқпанұлы барша жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған шара бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтіп, жарысты өзі бастап берді.

200-ге жуық салауатты өмір салтын қолдаушылар қатысқан жаңажылдық жүгіру жарысының негізгі қашықтығы 2 022 метр шақырымды құрады. Бұқаралық іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табады.