00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда «Көңілді старт» жарысы өтті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда «Көңілді старт» жарысы өтті

Аудан әкімі Байкен Есет қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап,  болашақ спортшыларға сәттілік тіледі.

«Еліміздің барлық жеткен жетістігі Тәуелсіздіктің арқасында. Осыдан тура 35 жыл бұрын, дәл осы күні қазақтың рухты жастары егемендік үшін алаңға шықты. Қысқа ғұмыр кешсе де, егемендіктің жолында өмірлерін қиса да, олар соңына өшпес рухтарын қалдырып кетті. Бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдығы.  Осы уақыт ішінде еліміз дамыған елдермен терезесін теңестіріп, керегесін кеңейтті», - деді аудан әкімі.

«Көңілді стартқа» 10-13 жас аралығындағы 40 баладан тұратын 4 команда қатысты. Жарыс эстафета, түрлі кедергілерден өту, жүгіру сияқты кезеңдерден тұрды. Жарыс соңында командалар арасында достық жеңіп, нәтижесінде барлық қатысушыларға сыйлықтар таратылды.

Балалар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында аталмыш шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.

Айта кетейік, биылғы жылы  Сарыарқа ауданында  ашылған «Денешынықтыру-сауықтыру» кешені бұқаралық спортты дамыту мақсатында қарқынды жұмыс істеуде. Бүгінгі күні бұл жерде волейбол, гандбол, самбо, карате-до, қазақша күрес, кукушенкай каратэ, кикбокс сияқты спорттық үйірмелерге 100-ге жуық бала қатысуда.