00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада күрес түрлерінен ел біріншілігі өтеді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада күрес түрлерінен ел біріншілігі өтеді

«Ел чемпионаты негізінен жас балуандарды іріктейтін бәсеке болмақ. Еліміздің әр өңіріндегі талантты балуандар ұлттық біріншілікте барын салады. Өз кезегінде, біз ұлттық құрамаға үміткерлерді таңдаймыз. Жастарға мүмкіндік береміз. Ұлттық құрама спортшыларының арасында биылғы додаға қатыса алмайтындар бар. Олар – Нұрислам Санаев, Данияр Қайсанов және Адлан Асқаров. Санаев Олимпиададан кейін демалыс алды, Қайсанов жарақатын емдеп жатыр. Ал Адлан жақында ауырып қалғанына байланысты чемпионаттан сырт қалмақ. Тағы бір жаңалық – Әлішер Ерғали осы чемпионатта 125 келіге дейінгі салмақта күреседі. Чемпионатпен бірге биылғы маусымдағы жарыстар тізбегі аяқталады. Келесі жылдың шымылдығын ашатын ресми жарыс – Азия чемпионаты. Жалпы, келесі маусымдағы басты бәсекеміз Қытайда өтетін Азия ойындары болмақ», – деді бас бапкер Әсет Серікбаев.