Қазақстандық сурдо-дзюдошылар әлем чемпионатында жүлдегер атанды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Аға жаттықтырушылар Болат Данияров пен Самат Апаковтың жетекшілігімен Қазақстан атынан 14 дзюдошы аттанған. Қазақстандық татами шеберлері жарыстың алғашқы күні жүлделі орынға ие болды. Дзюдошы Әлдібек Нұрмұхаммед 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болса, 70 келіге дейінгі салмақта Шаяхмет Қанапиянов 3-орынды иеленді.
Бағдарламаға сәйкес бүгін келесі салмақ дәрежесінде жекпе-жектер өтеді:
Әйелдер: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг.
Ерлер: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг.
Ал сенбі, 30 қазанда «Ката» бағдарламасы бойынша жарыс өтеді. Айта кетейік, 28 қазанда басталған чемпионат 30 қазанда аяқталады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:36
Семсерлесу: Қазақстанның ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды
Бүгін, 08:51
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда екі алтын жеңіп алды
24 қараша, 2024
Жеңіске бірге жүгір: Елордада 100-ге жуық отбасы жүгірісте жүлдеге таласты
24 қараша, 2024
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті