00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің финалына шықты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің финалына шықты

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева жартылай финалда әлемнің 86-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен шеберлік байқасты.

Р.Петерсон осы дода барысында тағы бір қазақстандық Зарина Диястан айласын асырып кеткен болатын.

Бұл жолы бірінші партияда Юлияның басымдылығы айқын байқалды – 6:2. Ю.Путинцева екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 4:1. Матчқа доп бергенде Петерсон брейк жасап, есепті қысқартты – 3:5. Дегенмен қазақстандық теннисші матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:4.

Ю.Путинцева финалда әлемнің 89-ыншы, осы доданың екінші ракеткасы, бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен бас жүлдені сарапқа салады.