00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жер сілкінісі: Алматылық танымал жұлдыздар желіде не деді?

23 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жер сілкінісі: Алматылық танымал жұлдыздар желіде не деді?

Алматыда бүгін түнде магнитудасы 6,2 балл болатын жер сілкінісі болды. Танымал жұлдыздар зілзала кезіндегі әрекеттерін әлеуметтік желіде жарыса жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Танымал актриса Әсел Асқар өзінің Instagram парақшасында жер үйде тұратынына шүкіршілік етіп, тұрғындарды абай болуға шақырды. 

Кешкі 22:00 бастап басым ауырып жатыр. Неге қоймай, ауырып жатыр десем... Осыдан 3-4 жыл бұрын анама «Жер үйді сатып, пәтер сатып алайық» деп айтқан едім. Енді қазір ойлап қарасам, анамның сол кезде қарсы болғанына шүкір етіп отырмын. Жер сілкінген уақытта мен үйдің бірінші қабатында отырдым, ол уақытта менің телефонға қарайтын жағдайым болмады. Көпқабатты үйлерде қалай болғанын елестету қиын. Абай болыңыздар. «Осындай жағдай неге алдын ала ескертілмеді?»,  «Енді қайталанбайтынына кепілдік бар ма?», «Неге осындай жағдайлар тек қаңтар айында болады?» . Қазір оқырмандардан көп хабарлама келіп жатыр. Ертең жұмыс күні болмайтын шығар... – деп жазды актриса.   

Сондай-ақ, актриса Жания Джуринская әлеуметтік желіде зілзала кезінде күйеуі және баласымен бірге асығыс жиналып, үйден шығып кеткенін айтты.

Үстімізге кез келген киімді киіп, шығып кеттік. Өте қорқынышты жағдай. Осындай жағдайда қорыққаннан күлкім де келеді. Сондықтан менің бұл түрімді көріп, неге мәз деп ойлап жүрмеңіздер ,- деді Жания Джуринская.

Актер Қайрат Әділгерей де зілзалаға қатысты видео жариялады. 

Құрметті достар! Барлықтарыңыз көріп отырған шығарсыздар. Бала-шағамызды алып далаға шығайық. Жер үйі бар таныстарыңызға барыңыздар. Тағы қандай жағдай болатынын ешкім білмейді, -деді актер.