Заңғар Нұртас: Жұмыс істемесем де болады
29 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Танымал әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар әлеуметтік желіде екінші әйелі Индираның табысы жақсы екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Жазда ағаш егемін. Таза ауа қорғаушысымын деп айтып едім ғой. Осы уақытқа дейін қаржыны сауатсыз жараттық. Жақында ғана отбасылық бюджет аштық. Мақсат қойылды. Әр табысымыздың 50-60 пайызын отбасылық бюджетке салып отырамыз. Қазір Индираның табысы жақсы. Мен жұмыс істемесем де болады, – деді Заңғар Нұртас Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетейік, былтыр қарашада продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғардың тойын дүркіретіп өткізді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары жиналған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты