00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Қызғаныштан басталды»: Танымал актриса жігітін ұрып, көзін көгертіп жіберген (ВИДЕО)

10 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Қызғаныштан басталды»: Танымал актриса жігітін ұрып, көзін көгертіп жіберген (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Актриса, тележүргізуші Анар Батырхан бес жыл кездескен жігітін ұрып, көзін көгертіп жіберген, деп жазады Elorda.info.

Бұл туралы ол «Қыздар-ай» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.

Менің жігітім болды. Қазір сол жігітпен қалай жүрдім деп ойлаймын. Қазіргі Анар ол жігітпен жүрмес еді. Мен ол кезде ақымақтау болдым-ау. Менің ойымша, 4,5-5 жыл деген үлкен мерзім. Бұл бес күн, бес апта емес. Бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Қазір «абьюзер» деген сөз бар ғой. Ол кезде ол сөзді білмейтінмін. Қазір ойласам, тура сол жігіт. Қылығын бір жылдан кейін байқай бастадым. Қызғаныштан басталды. «Не үшін түсірілімге барасың? Бармай-ақ қой. Қыдырмайсың. Менімен ғана қыдырасың» дейтін. 

Қол көтеру болмады. Мен жағымнан қол көтеру болды. Мен ұрғанмын. Бір рет кәдімгідей көзін көгерттім. Сосын «Сен не істеп жатырсың» деп айтып, қорғанды. Мен ашулансам, жаманмын. Сол қызғаныш себеп болды. Әрқашан миыңды жеп, ызыңдайды. Кетесің, артыңнан келіп «Мен өлемін. Маған мүмкіндік берші» дейді. Сосын қайта қосыласың. Сол «абьюзерлік қарым-қатынас жақсы болып кетеді» деп ойлайтын қыздар болса, кеңесім: айырылысып кеткеннен кейін қайта қосылмаңыздар. Адам өзгермейді. Сіз ол адамды толықтай сол қалпымен қабылдайсыз немесе айырыласыз, — деді актриса.